Салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алған

Салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алған

Салымшылардың бірі зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алған
ашық дереккөзі
Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінгі таңда 179192 мәміле ипотекасыз жүзеге асырылды, яғни, бұл тұрғын үйді толық сатып алу дегенді білдіреді. Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162,4 млн теңге сомасында болды, яғни бұл - премиум-классты тұрғын үй. Ал бұл сегменттегі ең кіші мәміле шамамен 1 млн теңге сомасына өтті, мүмкін бұл ауылдық жерде жүргізілген мәміле болған шығар», - деді Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ, ол үй бағасының Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттерде де қымбаттап жатқанын тілге тиек етті. Оның ойынша, баспана бағасының қымбаттауына зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі ғана әсер етеді деу қисынсыз.
«Бағаға инфляциялық үдерістер мен құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер етеді», - дейді ол.