Бразилиялық Кака «Аягөз мақтанышы» атанды

Бразилиялық Кака «Аягөз мақтанышы» атанды

Бразилиялық Кака «Аягөз мақтанышы» атанды
ашық дереккөзі
Бұған дейін «Қайрат» футзал клубы мен Ұлттық құрама сапында жүрген аягөздік спортшылар бразилиялық маманның Шығыс Қазақстан өңіріне келетіндігі жайлы айтқан еді. Бас бапкер спортшыларының сөзін жерге қалдырмай, Аягөзге арнайы барды, деп хабарлады turkystan.kz. «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикарду Фигейро Сильвамен (Кака) бірге Алматы энергетикалық колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев және футзалшы Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразов та барған. футзал
«Спортшыларымызды қабылдап, ауданымыздың атын әлемдік додаларда шығарып жүргендері үшін алғысымды білдірдім. Сонымен қатар Аягөзімізге арнайы келген жас спортшыларымыз оқыған колледждің директорына алғысымды білдірдім. Пауло Рикарду Фигейро Сильваға алдағы уақытта да бар білімі мен тәжірибесін Отанымыздың мүддесіне аянбай жұмсайтындығына сенім білдіре отырып, «Аягөз мақтанышы» төсбелгісін табыстадым, - деді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.