«20 адам зардап шекті»: Автобус қоршауға соғылған (ВИДЕО)

«20 адам зардап шекті»: Автобус қоршауға соғылған (ВИДЕО)

«20 адам зардап шекті»: Автобус қоршауға соғылған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сәрсенбі күні таңертең Анкараның Синджан ауданында қалалық жолаушылар автобусы қоршауға соғылды. Салдарынан 20 адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Анкараға келе жатқан қоғамдық көлік көпірге кіреберістегі жол қоршауына соғылды. 20 адам зардап шекті», - делінген CNN Türk телеарнасы таратқан ақпаратта.
апат Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және дәрігерлер келді.  Зардап шеккен жолаушылар жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.