Қазақстандық екі спортшы каратэден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық екі спортшы каратэден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық екі спортшы каратэден Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық қос спортшы каратэден Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасынан Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов топ жарды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай үздік атанды. Ол финалда филиппиндік Джун Цукті ұтты.

Ал ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Андрей Актауов финалда арабиялық Барги Ясирдан басым түсті.