Түркістанда жоғалған жасөспірімнің денесі кәріз құбырынан табылды

Түркістанда жоғалған жасөспірімнің денесі кәріз құбырынан табылды

Түркістанда жоғалған жасөспірімнің денесі кәріз құбырынан табылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған 14 жастағы жасөспірімнің денесі үйінің маңындағы кәріз құбырынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz. 18 желтоқсан күні 102 пультіне Шұбарсу ауылының тұрғыны хабарласып, 8-сынып оқитын баласының белгісіз бағытқа хабар-ошарсыз кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.
«Жоғалған жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды. Іздестіру шаралары барысында Ордабасы АПБ-нің полицейлері тұрғынның өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жасар баланың денесін тапты»,- деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын-ала болжам бойынша, кәмелетке толмаған жасөспірім кәріз құбырына құлап, қайтыс болған. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға абай болу және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертеді.