Елімізде АЭС салуға ең қолайлы жер белгілі болды

Елімізде АЭС салуға ең қолайлы жер белгілі болды

Елімізде АЭС салуға ең қолайлы жер белгілі болды
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салуға ең қолайлы жер ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылын атады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Үлкен кенті ең ыңғайлы жер, ұлттық электр желілер топографиясы тұрғысынан тиімді алаң болып саналады. Ол жерде 500 киловольттық тармақталған желілер бар, Оңтүстік-ГРЭСС 500 қосалқы станциясы да орналасқан. Ал базалық қуат көздерін орналастырудың арқасында Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясының тұрақты транзитін жасауға болады. Орталық Қазақстанға – Қарағандыға да, Солтүстік-Оңтүстік транзитімен оңтүстік өңірлерге де энергияны қайта бөлуге ыңғайлы», - деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Төрағаның айтуынша, қазіргі кезде атом электр станциясына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардан бірнеше ұсыныс түсіп тұр.
«Ресей, Қытай мен Франциядан, сонымен қатар америкалық өндірушілерден екі ұсыныс түсті. Біз шешім қабылдағанда технологиялардың қауіпсіздігін, соның негізінде қанша атом реакторлары салынды, бағасы және тағы басқа мәселелерді ескеретін боламыз. АЭС-ке қажетті отынды Қазақстанда шығару жайын да қараймыз», - деп атап өтті қор басшысы.
Сонымен қатар, қазақстандық ресурстарды пайдалануға басымдық беріледі. Соның ішінде отын таблеткаларының өндірісі және АЭС-ке қажетті басқа да құрал-жабдықтар бар.