Жаңалықтар

Әйтенов QazVac-пен ревакцинация алғанын «сүйіншіледі»

ашық дереккөзі

Әйтенов QazVac-пен ревакцинация алғанын «сүйіншіледі»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды, деп хабарлады turkystan.kz. Ол  қалалық №3 емханаға барып, отандық QazVac екпесін алыпты. Екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болған. «Бүгінге дейін қалада коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 589 843 адам салдырған. Екпенің II компонентін алғандар саны 560 218 адамға жетті. 12002 азамат ревакцинацияланды. Өзім де ревакцинация жасадым. Осы вакцинацияның арқасында Шымкент 3 ай бойы «жасыл аймақ» статусында тұр», - дейді әкім. Бұл ретте екпені қайта алған шымкенттіктердің басым бөлігі – медицина мамандары мен мұғалімдер.