Жаңалықтар

Мұнайлы ауданда 10 жылда екі-ақ үй салынған

ашық дереккөзі

Мұнайлы ауданда 10 жылда екі-ақ үй салынған

Атырау облысының Мақат ауданында апатты үйлердің қатары артқан, деп хабарлады turkystan.kz. Апатты үйлердің жыл сайын көбейіп бара жатқанын жергілікті әкімдік те жоққа шығарып отырған жоқ. Қазір ондағы 98 пәтер тым ескі екен. Оның өзі – сараптамадан өткендері ғана. Әйтпесе, баспанасы тұруға жарамаса да арнайы мамандардан оның сараптама қорытындысын алуға асықпай жүргендер көп. «Доссор кентінде 5 екі қабатты жаңа үй бар. Қалғандары 40-жылдары салынған. Енді жаңадан салынған 60 пәтерлік үйді апатты жағдайда тұрып жатқан азаматтарға береміз деп отырмыз», - дейді Мақат аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы. Темірбек Іңірбай. Айта кетсек, «қазақ мұнайының қарашаңырағы» атанған ауданда соңғы 10 жылда 60 пәтерлік екі-ақ үй пайдалануға берілген. Тағы біреуінің құрылысы жүріп жатыр. Бірақ ол апатты үй тұрғындарына берілмейді. Әкімдік оны тек кезекте тұрған 98 адамға үлестіреміз деп отыр.