Жаңалықтар

Бір үйдің 10 қызы әкелеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Бір үйдің 10 қызы әкелеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

«Instagram» әлеуметтік желісінде әкесіне «Нива» көлігін сыйлаған бір үйдің 10 қызы жайлы видео желіқолданушыларды ризашылыққа бөледі. Ел сүйсінген оқиға Ақтауда болған, деп жазды turkystan.kz. Видеода бір шаңырақтан түлеп ұшқан қыздардың әкесі мен шешесінің көздерін байлап, бір ғимараттың ауласына алып келе жатқанын көруге болады. Сосын олар әкелеріне көліктің кілтін тапсырып, шашу шашады.