Бір үйдің 10 қызы әкелеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бір үйдің 10 қызы әкелеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бір үйдің 10 қызы әкелеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Instagram» әлеуметтік желісінде әкесіне «Нива» көлігін сыйлаған бір үйдің 10 қызы жайлы видео желіқолданушыларды ризашылыққа бөледі. Ел сүйсінген оқиға Ақтауда болған, деп жазды turkystan.kz. Видеода бір шаңырақтан түлеп ұшқан қыздардың әкесі мен шешесінің көздерін байлап, бір ғимараттың ауласына алып келе жатқанын көруге болады. Сосын олар әкелеріне көліктің кілтін тапсырып, шашу шашады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @qakku.kz

«Gakku.kz» парақшасында жарияланған бұл бейнежазбаны екі күннің ішінде он мыңнан астам адам көріп, бес жүзге жуық жылы пікір жазып үлгерді. Желі қолданушылар бір шаңырақтан түлеп ұшқан қыздардың ата-анасына деген құрметіне ризашылығын жасыра алмауда.
«Қандай бақытты жандар, осындай қыздар тәрбиелеген?», «Бізге де жұғысты болсын», «10 қыз да, күйеу балалары да мықты екен. Жарайсыңдар!», «Барлық ата-ана осылай балаларының құрметіне бөлене берсін», - делінген видеоның астында.