«Кәрі қыздың» сыңсуы көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

«Кәрі қыздың» сыңсуы көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

«Кәрі қыздың» сыңсуы көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Орта жастағы әйелдің үйінен ұзатылып бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ұзату тойында түсірілген видеоның үзіндісі Facebook-тегі парақшалардың бірінде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Автордың мәліметінше, видеодағы әйелдің жасы 45-те. Онда төркініне қимастық сезімін жасыра алмаған әйел көзіне жас алған. Осыған қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірінші топ әйелдің жылағанын әбестік көруде. Бұл бейнежазбаның қай өңірде, қашан түсірілгені белгісіз.  
«Бақытты болсын. Неге жылайды осы? Түсінбеймін. Келмейтіндей, көрмейтіндей емес қой», «Жыламай -ақ неге шықпайды осы қыздар?» - деп жазады олар.
Ал әйелдің сезімін түсінуге тырысқан көпшілік шаңырақ көтерген жастарға бақыт тіледі.
«Қай жасқа келсе де әрбір қыз бақытты болуға лайықты! Артық жазудың қажеті қанша? Неге біреудің бақытына қуана алмаймыз?», «Теңін тапса болды ғой, бақытты болсын», - дейді желі қолданушылары.