Адам өлтіріп сотталған күзетші рақымшылыққа ілікті

Адам өлтіріп сотталған күзетші рақымшылыққа ілікті

Адам өлтіріп сотталған күзетші рақымшылыққа ілікті
ашық дереккөзі
Оралда адам өлтіргені үшін сотталған күзет агенттігінің қызметкері рақымшылыққа ілігіп, ақталып шықты. Оның серіктеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп жазды turkystan.kz «Astana TV»-ға сілтеме жасап. Агенттіктің бұрынғы қызметкерлері – Абзал Әділов, Аян Кафизов және Әбутәлі Қонысқалиға Қылмыстық кодекстің екі бабы - 106-бабы 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және 252-бөлігі 2-бөлігі «Жеке күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы» бойынша айып тағылған болатын. Соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаеваның айтуынша,  соттың бұл шешіміне сотталушылардың қылмысты мас күйінде жасағаны себеп болған. Бірақ марқұмның туыстары оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, аппеляциялық шағым түсірген еді.
«БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Адилов пен Қафизовқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Қонысқалиға қатысты сот үкімі «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 07.12.2021 жылғы ҚР Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес негізгі жазадан босатумен өзгертілді. Үкім заңды күшіне енбеген», – деді Нұргүл Қанатбаева.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2019 жылдың желтоқсанында болған. Корпоративтен шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған «Сова» жеке күзет агенттігінің күзетшілері жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алған. Ер адам жедел жәрдемде қайтыс болған еді.