«Nur Otan»-мен бірге ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда жемісті еңбек атқаратынымызға сенімім мол» – Бахаргүл Төлегенқызы

«Nur Otan»-мен бірге ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда жемісті еңбек атқаратынымызға сенімім мол» – Бахаргүл Төлегенқызы

«Nur Otan»-мен бірге ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауда жемісті еңбек атқаратынымызға сенімім мол» – Бахаргүл Төлегенқызы
ашық дереккөзі
Ұлттық кәдесыйлар жасап, қазақы құндылықтарымызды әлемге әйгілеп жүрген «Әдемі-ай» компаниясының басшысы Бахаргүл Төлегенқызы өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы «Nur Otan» партиясына алғысын білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. Ол жазбасында алдымен биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұңғыш қызын ұзатқанын, «Әдемі-ай» компаниясына 20 жыл толғанын, кәдесыйларының жаңа топтамалармен толыққанын, Тараз қаласынан компания филиалының ашылғанын және өзінің «Қазақ қызымын» атты кітабы шыққанын атап өтті.
«Осындай азды-көпті еңбегім мемлекет тарапынан еленіп, Тәуелсіздік қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болдым. Бұл марапат мен үшін үлкен мәртебе. Аталған іс-шараларда және салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттауға қолдау көрсетіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына үлкен алғысымды білдіремін», - деді Бахаргүл Төлегенқызы.
Сондай-ақ өзінің бұған дейін «Ауыл» партиясының мүшесі болғанын еске салды. Алайда кейін халықты береке-бірлікке бастаған билеуші партияның әр азаматқа берер мүмкіншілігі мол екеніне, нақты істеріне көз жеткізген көрінеді. Сондықтан «Nur Otan» партиясына мүше боламын деп шешім қабылдапты.
«Алдағы уақытта Нұр Отанмен бірге ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, жемісті еңбек атқаратынымызға сенімім мол. Барлығымыз ел мүддесі мен жарқын болашақ үшін қызмет етіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты азаттықсүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде таныта берейік! Бұл – баршамыздың міндетіміз!» - деді сөз соңында Бахаргүл Төлегенқызы.