«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысына шектеу қойылуы мүмкін

«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысына шектеу қойылуы мүмкін

«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысына шектеу қойылуы мүмкін
ашық дереккөзі
ОКҚ брифингінде экология, геология және табиғи ресурстар министрінің мәлімдеуінше, «АрселорМиттал Теміртау» зиян қалдықтарды шығаруды азайту жөніндегі талаптарды орындамаса, келесі жылы экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін,  деп хабарлады turkystan.kz.
«Қысқаша айтқанда, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» алдына нақты шарттар қойдық: ластаушы заттар шығындысын азайту жөніндегі талаптарымыз орындалмаған жағдайда, компания келесі жылға экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін», - деді министр Серікқали Брекешев.
Биыл кәсіпорында өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін бұзудың екі мыңнан аса жағдайы орын алған. 2020 жылы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында барлығы 32 тексеру ісі жүргізілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 19 миллион теңге көлемінде 24 әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, мамандар сотқа 34 қауіпті өндірістік нысандар мен техникалық құрылғыларды пайдалануды тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберген, бұл жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.