«Екі әйелім, алты балам бар» – Жалғас Жұмағұлов (ВИДЕО)

«Екі әйелім, алты балам бар» – Жалғас Жұмағұлов (ВИДЕО)

«Екі әйелім, алты балам бар» – Жалғас Жұмағұлов (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов «YouTube» желісіндегі «Разрешите вас перебить» атты арнада берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы ақпараттармен бөлісті, деп жазды turkystan.kz. Сұхбат барысында «UFC» файтері екі әйелі барын растады.
«Әйелің мен отбасыңның барына үйреніп кетесің. Онсыз қиын. Менің екі әйелім, алты балам бар. Екі әйелмен жүру қаншалықты қиын? Негізінде бұл қалыпты жағдай. Мен бұған үйреніп кеттім. Басында сынақтар болды, бірақ қазір бәрі жақсы», - деді ағынан жарылған спортшы.
Еске сала кетсек, өткен демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындаа өткен «UFC» турнирінде Жалғас Жұмағұлов пен анголалық боксшы Манел Кап кездескен болатын. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңілді.