Еуропада газ бағасы шарықтап, рекорд орнатты

Еуропада газ бағасы шарықтап, рекорд орнатты

Еуропада газ бағасы шарықтап, рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Кәрі құрлықта табиғи газдың бағасы рекордтық деңгейге жетті. 21 желтоқсанда өткен аукционда газдың спот бағасы тарихта алғаш рет мың текше метр үшін 2000 доллардан асты, деп жазды turkystan.kz. Жыл басында газдың мың текше метрінің бағасы небары 200-250 долларды құраған. Бағаның күрт өсуі екінші жартыжылдықта басталды. Бағаның өсуі Германия билігі 2022 жылдың бірінші жартысында «Nord Stream 2» сертификациясы туралы оң шешім күтпейді деген хабарламалардан кейін басталды. Бұған қоса, инвесторлар Ресейдің «Газпром» энергетикалық компаниясының газды «Ямал-Еуропа» құбыры арқылы айдауды қысқартуды жалғастырып жатқанына алаңдаулы. Айта кетейік, осы уақытқа дейін рекордтық баға мың текше метр үшін 1969 долларды құраған-ды. Бұл көрсеткіш қазан айының басында тіркелген болатын. Содан кейін баға сәл төмендеген еді.