Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы абақтыға жабылды

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы абақтыға жабылды

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы абақтыға жабылды
ашық дереккөзі
Моңғолия тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы, Бейжің  мен Лондон Олимпиадаларының жүлдегері, моңғолияның даңқты дзюдошысы Найдан Түвшинбаяр абақтыға жабылды. Бұл туралы Анық Көкенайұлы атты азамат өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Әлемдік дзюдо додасының майталманы сәуір айында ішімдікке тойып алып халықаралық дәрежедегі спорт шебері Э.Энхбатты ұрып-соғып, тепкілеп ауыр жарақаттаған болатын. Сол оқиғадан кейін денсаулығы нашарлаған Э.Энхбат Оңтүстік Кореяға барып емделген. Алайда, бірнеше күн бұрын ем қонбаған соң кәріс дәрігерлері спортшыны еліне қайтарған. Жәбірленуші Э.Энхбаттың қорғаушысы прокурорға ұсыныс енгізгеннен кейін сот Н.Түвшинбаярды қамауға алу туралы қаулы шығарды. Осының алдында Найдан Түвшинбаярды 6-дан 12 жыл аралығында сотталады деген қаңқу сөз тараған еді. Бірақ ол заң толық енгізілмей, сот істі қайта қарауға бұйырған. Бір атап өтерлігі, 37 жастағы азамат спортпен ресми түрде әлі қоштаспаған. Түвшинбаяр жетістіктері төмендегідей: Олимпиада Бейжің 2008 (1 орын). Олимпиада Лондон 2012 (2 орын). Әлем чемпионаты Будапешт 2017 (3 орын). Азия ойындары Инчхон 2014 (1 орын). Азия чемпионаты Ташкент 2016 (1 орын). Азия чемпионаты Кувейт 2007 (2 орын). Азия чемпионаты Чеджу 2008 (3 орын). Азия чемпионаты Абу Даби (3 орын). Моңғолияның еңбек ері, Батыр.