Жаңалықтар

Sars-CoV-2 вирусын жасаушылар анықталғаны рас па?

ашық дереккөзі

Sars-CoV-2 вирусын жасаушылар анықталғаны рас па?

Қазнетте «COVID-19 жасаушылары анықталды» деген ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Таралған ақпарат Қазақстандағы жаңа биозертхананың құрылысы туралы баяндайтын жаңалықтар бейнесюжетінен үзінді екені анықталды. Шын мәнінде, бұл жаңалықтың пандемияға ешқандай қатысы жоқ және COVID-19 ауруын тудыратын Sars-CoV-2 вирусының қолдан жасалғанын дәлелдемейді.