Жаңалықтар

Өзбектер Қазақстанның медицина саласындағы жобаларына қызығып отыр

ашық дереккөзі

Өзбектер Қазақстанның медицина саласындағы жобаларына қызығып отыр

Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі медицина саласында жүзеге асырылған қазақстандық жобаларға үлкен қызығушылығы барын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаевпен кездесті. Е. Тоғжанов еліміздің денсаулық сақтау саласындағы даму нәтижелері мен жетістіктерін баяндай келе, Қазақстан осы саладағы ынтымақтастыққа және Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. Біздің медицина саласындағы жоғары білікті мамандарымыз халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге қатысты барлық аспектілер бойынша тәжірибе мен біліммен бөлісе алады. Е. Тоғжанов делегация мүшелерін QazVac коронавирус инфекциясына қарсы отандық препараттың өндірісімен және тиімділігімен таныстыра отырып, бүгінгі күні вакциналар паспорттарын өзара тану жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігі туралы маңызды мәселені көтерді.