Өзбектер Қазақстанның медицина саласындағы жобаларына қызығып отыр

Өзбектер Қазақстанның медицина саласындағы жобаларына қызығып отыр

Өзбектер Қазақстанның медицина саласындағы жобаларына қызығып отыр
ашық дереккөзі
Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі медицина саласында жүзеге асырылған қазақстандық жобаларға үлкен қызығушылығы барын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаевпен кездесті. Е. Тоғжанов еліміздің денсаулық сақтау саласындағы даму нәтижелері мен жетістіктерін баяндай келе, Қазақстан осы саладағы ынтымақтастыққа және Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. Біздің медицина саласындағы жоғары білікті мамандарымыз халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге қатысты барлық аспектілер бойынша тәжірибе мен біліммен бөлісе алады. Е. Тоғжанов делегация мүшелерін QazVac коронавирус инфекциясына қарсы отандық препараттың өндірісімен және тиімділігімен таныстыра отырып, бүгінгі күні вакциналар паспорттарын өзара тану жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігі туралы маңызды мәселені көтерді.  width= Бұл Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз етіп, елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Бехзод Мусаев ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, Өзбекстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медицина саласында жүзеге асырылған еліміздің жобаларына үлкен қызығушылығы бар екенін хабарлады. Е. Тоғжанов қазақстандық мамандар медицинадағы АT, жедел жәрдем жұмысын ұйымдастыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмек және медицина ғылымын ілгерілету мәселелерінде консультативтік және техникалық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.