25 жастағы сарбаз 10 жылға сотталуы мүмкін

25 жастағы сарбаз 10 жылға сотталуы мүмкін

25 жастағы сарбаз 10 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Поляк әскери қызметкері, 25 жастағы Эмиль Чечко қызметтік борышын өтеу кезінде Белорусь еліне қашқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Варшава аудандық прокуратурасының баспасөз хатшысы Александра Скшиняж мәлім етті. Оның айтуынша, Белосток аудандық прокуратурасының әскери істер бөлімі Польша Қылмыстық кодексінің 339-бабы (дезертирлік) бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын әскери айыптау туралы қаулы шығарған. Поляк сарбазы Беларусь шекарасын 16 желтоқсанда кесіп өткен. Шекара қызметіне «саяси баспана сұрағайтынын» хабарлаған. Беларусь тарапының пікірінше, әскери қызметкер Польшаның жүргізіп отырған саясатымен және босқындармен қарым-қатынасына көңілі толмайды. Бұған дейін Польша Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшысы Мариуш Блашак Чечконың әскерден кету туралы өтініш жазғанын және шекарадан өтуіне болмайтынын мәлімдеген. Осы жағдайдан кейін сарбаздың тікелей командирі болған үш адам қызметтен босатылды. Ал сарбазға ресми түрде іздеу жарияланады. Айта кетейік, Польша мен Балтық жағалауы елдері Беларусь пен Ресей Федерациясын шекарада жасанды түрде жасалған көші-қон ағынын пайдаланып, гибридті агрессия жасады деп айыптап отыр. Варшава келесі жылдың ортасына қарай Беларусь Республикасымен шекарада ұзындығы шамамен 200 шақырым, биіктігі 5 метрден асатын дуал салуды да жоспарлап отыр.