Ақтауда Toyota жүргізушісі балалы әйелді қағып кетті
Ақтауда Toyota жүргізушісі балалы әйелді қағып кетті
20 желтоқсанда Ақтаудағы 16 және 19-шағынаудан аумағында Toyota Land Cruiser жүргізушісі жолда өтпек болған балалы әйелді қағып кетті. Жол апатына қатысты Маңғыстау облысының Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, "102" пультіне жол апаты туралы қоңырау 20 желтоқсан күні сағат 23:45-те түскен. Белгілі болғандай, Toyota Land Cruiser жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамдарды қағып кеткен.
Салдарынан оқиға орнында 29 жастағы келіншек қаза болған. Сондай-ақ, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілген, алайда бүлдіршін есін жимастан көз жұмған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) тіркеуге алынған.
"Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жүгізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Маңғыстау облысының Полиция департаменті.