Омикрон штаммынан алғашқы адам көз жұмды

Омикрон штаммынан алғашқы адам көз жұмды

Омикрон штаммынан алғашқы адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Соңғы уақытта АҚШ-та коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру фактілері көптеп тіркелуде. Ал жуырда бұл елде жаңа штаммды жұқтырғандардың бірі қайтыс болды, деп жазды turkystan.kz «ABC News» агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, қайтыс болған науқас Техас штатының тұрғыны екен. 50 жастағы азамат бұған дейін вакцина алмағаны анықталды. Бүгінгі таңда АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 51 миллионға жеткен. Оның ішінде 807,5 мың адам қайтыс болды. Соңғы айда 3 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырса, олардың 34,3 мыңнан астамы қайтыс болған. Джонс Хопкинс атындағы университет қызметкерлерінің дерегі бойынша, соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың 73 пайызынан омикрон штаммы анықталыпты. Айта кетейік, АҚШ өлім-жітім мен ауру көрсеткіштері бойынша әлемде бірінші орында тұр.