Бомба туралы жалған хабар таратқан студент ұсталды

Бомба туралы жалған хабар таратқан студент ұсталды

Бомба туралы жалған хабар таратқан студент ұсталды
ашық дереккөзі
 Ақтөбе облысында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беріп, Жосалы ауылын дүрліктірген күдікті ұсталды. Ол Қарғалы ауданында тұратын студент болып шықты, деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 желтоқсан күні сағат 01:30 шамасында Қарғалы аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, Жосалы ауылына бомба қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция жасақтары, апаттық-құтқару қызметінің қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы күдікті ретінде 18 жастағы колледж студентін ұстады. Жас жігіт әзілдеп айтқанын мойындады. Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл әрекеті үшін ол түзету жұмыстарына тартылып, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.