Терезеден секірген 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр

Терезеден секірген 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр

Терезеден секірген 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр
ашық дереккөзі
Шымкент қаласындағы «Асар-2» шағынауданында жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп жазды turkystan.kz. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға жедел жәрдеммен жеткен 16 жастағы қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастың бірнеше ауыр жарақаты бар. Облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша істі тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бесінші қабатта тұратын жасөспірімнің үйінде сыныптастары болған. Ал, оның мұндай қадамға баруына әкесімен болған ұрыс-керіс себеп болған сыңайлы.