Тағы бір «сәлем салғыш» күйеу бала шықты (ВИДЕО)

Тағы бір «сәлем салғыш» күйеу бала шықты (ВИДЕО)

Тағы бір «сәлем салғыш» күйеу бала шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде екі жеңгесімен басы жерге жеткенше сәлем салған күйеубаланың видеосы тарады. Оның бұл әрекеті көптің ашуына тиді, деп хабарлады turkystan.kz. Аталған видеода қыз алуға келген жігіт үйге сыртқы қақпадан бастап иіліп, сәлем салып кіреді. Күйеу жігітті екі қолтығынан демеп, қыздың екі жеңгесі жүр. Видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

«Не боп кетті? Біресе жүген салып келінді сүйрейді, біресе күйеуге сәлем салғызады. Бұлар кімдер өзі?», «Мынасы несі? Бұл қай өңір? Бұған дейін еш жерден көріп, естімеген дәстүр», «Ой, сұмдық! Енді күйеу баланың бетін ашқызса, ел таңқалмас. Масқара», «Намыссыздар. Осыдан кейін қызыңды негр алмағанда қайтеді?» деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетсек, бұған дейін қолына гүл ұстап сәлем салған күйеу бала туралы жазған болатынбыз.