Туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

Туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

Туристер үшін ең қауіпті елдер аталды
ашық дереккөзі
«International SOS» компаниясының сарапшылары туристер үшін әлемдегі ең қауіпті және қауіпсіз елдердің рейтингін жасады, деп жазды turkystan.kz. Рейтингті жасау кезінде елдегі пандемиялық қауіптер, денсаулық сақтаудың жағдайы, саяси жағдай, әлеуметтік толқулар мен ұсақ қылмыстар ескерілді. Шетелдік компания мамандары жүргізген рейтингте «төтенше тәуекел» санаты бойынша Ауғанстан көш бастады. Бұл елде минималды мемлекеттік бақылау және құқық тәртібі тіркелген. Сондай-ақ, үздік бестікке Сирия, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері және Ирак кіреді. Ал Норвегия ең қауіпсіз ел деп танылды. Одан кейін Финляндия, Швейцария, Дания және Люксембург аталды.