2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетуі мүмкін

2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетуі мүмкін

2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетуі мүмкін
ашық дереккөзі
Алдағы жылы елімізде доллар бағамы күрт өседі деген болжам бар. Бұл туралы экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов айтты, деп жазды turkystan.kz. Сарапшылар әлемде экономикалық ахуал шатқаяқтап тұрғанын айтып, дабыл қағуда. Бұған «Omicron» штаммының таралуы себеп болған. Сондықтан мұнай бағасы арзандап, теңге құнсызданды. Осыған орай, Вячеслав Додонов қаржы нарығында қиындықтар болуы мүмкін екенін айтуда. Экономика ғылымдары докторының болжамынша, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ. Ал қазақстандық экономист Мақсат Халық қаражатты әртүрлі валютада сақтауға кеңес береді.
«Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп-бөліп 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде сақтаған жөн. Болмаса оның орнына алтын алуға да болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек», – дейді ол.