Салық төлемеген блогерге 210 миллион доллар айыппұл салынды

Салық төлемеген блогерге 210 миллион доллар айыппұл салынды

Салық төлемеген блогерге 210 миллион доллар айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Қытайлық блогер Хуан Вэй ғаламторда «Viya online» бүркеншік атымен тікелей эфир жүргізеді. Бұл бойжеткен әртүрлі өнімдерді пайдалану тәжірибесі туралы айту арқылы «кез келген нәрсені» сату қабілетімен танымал, деп жазды turkystan.kz. Қытайдың электрондық коммерция орталығы салық бюросының тексеруінен кейін Хуан Вэйдің «Taobao» платформасында өткен соңғы тікелей эфирі тоқтатылды. Себебі, ол миллиондап тапқан табысынан ешқандайда салық төлемеген екен. Сөйтіп, блогер қызға 210 миллион АҚШ доллары көлеміндегі айыппұл салынды. «Viya online» салық органдарының еркіне қарсы шықпаған және олармен келісімге келген. Блогер тиісті айыппұлды уақытында төлеген жағдайда жауапқа тартылмайды.