Теңіз кенішінде 40 мыңға жуық жұмысшы қысқартылмақ

Теңіз кенішінде 40 мыңға жуық жұмысшы қысқартылмақ

Теңіз кенішінде 40 мыңға жуық жұмысшы қысқартылмақ
ашық дереккөзі
Алдағы жылы Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады, деп жазды turkystan.kz. Кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 пайызы атыраулықтар болып отыр. Сондықтан келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Осылайша, жаңа жылдың алғашқы тоқсанында 7 мың жұмысшы қысқартылмақ. Ал оның 3 мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясының басшылығы жұмыссыздар санының күрт өсуінің алдын алу үшін кешенді шараларды қолға алуда. Мәселен, «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылған. Ал Жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп сендіреді.
«Жұмыстан қысқарған жағдайда, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы 12 мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз», – деді Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.