Павлодар облысында электр сымы үзіліп, салдарынан өрт шықты

Павлодар облысында электр сымы үзіліп, салдарынан өрт шықты

Павлодар облысында электр сымы үзіліп, салдарынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Шарбақты ауданына қарасты Жылыбұлақ ауылдық округі маңындағы автожол бойында орналасқан ВЛ-35 кВ №80 әуе линиясына ағаш құлап, электр сымы үзілді. Кесірінен шөп жамылғысы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz. Шарбақты аудандық ТЖ бөлімінен келіп түскен материалдардың негізінде  Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті өңірлік департаменті әкімшілік іс қозғады. Істі қарастыру кезінде «Павлодар тарату электржелілік компаниясы» АҚ Шарбақты аудандық электр желілері персоналы электр станциялары мен желілерді пайдалану ережелерін бұзғандығы анықталды. Аймақтық pavlodarnews.kz порталының мәліметіне сүйенсек, биіктегі электр желілерінің өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Сондықтан «ПТЭК» АҚ құқықбұзушылық фактісін мойындап, 291 700 теңге көлемінде айыппұл төлеген.