Германияда балаларға қателесіп басқа вакцина салған
Германиядағы вакциналау орталықтарының бірінде мамандар қателесіп, үш оқушыға Moderna екпесін салған, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бірақ балаларға «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы қарастырылған болатын.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғадан ата-аналар да, полиция да хабардар. Өз кезегінде тексеріс жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, препараттың ешқандай жанама әсері байқалмағанын хабарлады.
Айта кетейік, Германия желтоқсаннан бастап 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Пфайзер-Байонтек» препаратын сала бастады. Ал «Модерна» әзірге 12 жастан асқандарға ғана рұқсат етілген.