Жаңалықтар

7 жасар бала бассейнге батып кетті

ашық дереккөзі

7 жасар бала бассейнге батып кетті

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейндегі суға тұншығып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  141-бабының 2-бөлігімен және 306-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.