Ташкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Ташкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Ташкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті
ашық дереккөзі
20 желтоқсанда Өзбекстан астанасында жолаушылар автобусы жүріп бара жатып өртенді, деп жазды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 желтоқсан күні сағат 07:50-де Үштепа ауданында Фархад көшесімен келе жатқан «Мерседес-Бенц» жолаушылар автобусы өртенген.

Сағат 07:56-да оқиға орнына 2 өрт сөндіру және құтқару тобы келді. Сағат 08:00-де өрт сөндірілді.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.