Қоғам қайраткері: Балабақшадағы балалар үшін Желтоқсан оқиғасы ауыр тақырып

Қоғам қайраткері: Балабақшадағы балалар үшін Желтоқсан оқиғасы ауыр тақырып

Қоғам қайраткері: Балабақшадағы балалар үшін Желтоқсан оқиғасы ауыр тақырып
ашық дереккөзі
Бұған дейін балабақша тәрбиеленушілерінің Желтоқсан оқиғасына орай әзірлеген қойылымы әлеуметтік желіде кең таралған еді. Аталған видеоға байланысты бұрынғы депутат әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz.
– Мынау енді артық сияқты… Бұл кезеңде балалардың психологиялық педагогикалық жас ерекшелігі – саяси мағынасын ұқпайды. Кім не үшін жазаланғанын емес, қайсысы жақсы – жаман екенін түсінбейді. Сонда қандай тәрбиелік мәні бар? Тек ата-ана және әкімшілік үшін керек бұндай шаралар. – Кеңес үкіметінің милитаризм идеологиясы және қазіргі  Ресейде агрессиялық ұстанымы бұндай қойылымды жиі пайдаланады. Маңайдың барлығын жау көрсетіп, жас кезінен соғысқа дайындау, кім күшті билік сонда екенін дәлелдеу, – дейді ол.  
Оның ойынша, жастарға бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдікті насихаттау керек.
– Ал біз жас ұрпаққа сәби кезінен бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдік пен заңдылықты құрметтеуді, ақыл-оймен, өнермен, таланттармен бәсекелестікті насихаттағанымыз дұрыс. Сіздер қалай ойлайсыздар, – деп жазды ол.