Денсаулық сақтау министрінің міндетін Бүркітбаев атқарады

Денсаулық сақтау министрінің міндетін Бүркітбаев атқарады

Денсаулық сақтау министрінің міндетін Бүркітбаев атқарады
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрі міндетін ведомствоның вице-министрі Жандос Бүркітбаев атқарады, деп хабарлады turkystan.kz. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің №197-р өкімімен Денсаулық сақтау министрінің міндетін Жандос Бүркітбаев атқаратын болып бекітілді. Бұған дейін Жандос Бүркітбаев 2021 жылдың қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарып келген болатын. Жандос Бүркітбаев 1972 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019); ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021). Еске салсақ, 20 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған еді.