Жас әнші кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жас әнші кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жас әнші кезекті жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөзі
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Алматы экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен 1 және 2-курс студенттері арасында «АЭК жұлдызы-2021» ән байқауы өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Байқауға көптеген студент-жастар қатысты. Олар әлеуметтік желілер арқылы дауыс жинап, ән номинациясы бойынша өнер көрсетті. Аталған байқауда белсенділік танытып, «Ең үздік ән» номинациясы бойынша І орын, сондай-ақ әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинағаны үшін «Көрермен көзайымы» атты номинация бойынша аталған колледждің 1-курс студенті Ұласбек Әмірқанов дипломмен марапатталды. Жалпы, Ұласбек Маратұлы 2017 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Жемчужный – Нью-Йорк» халықаралық байқауында да 1-орынды иеленіп, қазақ елінің беделі мен көкбайрағын асқақтатты. БАҚ бетінде ол туралы мақалалар жазыла бастады. Ал 2018 жылы жазда Италияда өткен «CREATIUITA senza FRONTIERE 2018» халықаралық фестивалінде І орын алса, сол жылы елордада өткен  халықаралық «Шаттық» жас дарындар фестивалінде Ұласбекті қазылар алқасының төрағасы, ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен фестиваль директоры Қарлығаш Әбдікәрімова жоғары бағалып, лауреат атанған болатын. Жыл соңында Алматы қаласында өткен республикалық «Жастар жаққан жұлдыз» байқауына да қатысып, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша білім мен өнерді тең ұстап, шығармашылық жолда ерекше өнер көрсеткені үшін І орынды қанжығасына байлады. Ол халық әндері мен заманауи әндерді сүйіп тыңдайды және сахнада да нақышына келтіре орындап жүр.
«Осындай жетістіктерге жетуіме атсалысқан өнердегі ұстазым – «Сенім» вокалды ансамблінің жетекшісі Тұрсынай Метербайқызына айтар алғысым шексіз», - дейді жас әнші.