Денсаулық сақтау министрінің орнына антиваксер ұсынылды
Денсаулық сақтау министрінің орнына антиваксер ұсынылды
Халық Денсаулық сақтау министрін өз арасынан сайлауды жөн санайды. Журналист Кенжегүл Тергембай Facebook-тегі парақшасында осы туралы сауалнама ретінде жазба жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Цой кетті дей ме?! Халықтың арасынан министр шығаруға болмай ма?! Лажы болса, Денсаулық сақтау министрі ретінде Айна Бакеевнаны тағайындар едім. Сіздер не айтасыздар?!» деп жазды әріптесіміз.
Қарапайым адамдар да оны қос қолдап қолдағандай болды.
«Айна болсын», «Айна дәрігер лайықты», «Халқына жаны ашитын жалғыз дәрігер», «Қолдаймын, бірақ қоймайды ғой», «Керемет болар еді. Адам жанының арашашысы» деп жазды жұрт.
Алайда оған қарсы пікірлер де аз емес. Олар бұл шешімнің басқа қыры туралы сөз қозғады.
«Бізде таңдау жоқ. Тағы бір Цойды қоя салады ғой. Халық пікірін қайтеді?», «Байтал шауып бәйге алмас деген, еркек құрып қалған жоқ қой, жаны таза, жүрегі жылы бір азамат табылар», «Басқа-басқа, бірақ аттандап жүрген хайпажорлар министр болмай-ақ қойсын», «Цойдың орнына бір «қой» келіп жүрмесін деп тілейік» десті екінші топ.