Президент Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді

Президент Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді

Президент Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп жазды turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Шаһар басшысы Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешу, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.