2021 жылы әлеуметтік желіде жұлдызы жанған кімдер? (ВИДЕО)

2021 жылы әлеуметтік желіде жұлдызы жанған кімдер? (ВИДЕО)

2021 жылы әлеуметтік желіде жұлдызы жанған кімдер? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
2021 жылдың аяқталуына он күн қалды. Осы орайда, биыл көптің ішінен суырылып шығып, желі арқылы танымал болған қарапайым жандарды атап өткен жөн. Әлеуметтік желі қолданушыларының көзайымына айналған жұлдыздар қатары биыл жаңа есімдермен толықты, деп жазды turkystan.kz. Биші қыз Жақында әлеуметтік желілерде тойда бір аяқпен ғана билеп жүрген бойжеткен Аружан Рашидтің видеосы тараған болатын. Желі қолданушылары биші қыздың өнеріне тәнті болғаны сөзсіз. Видеоны көрген ел басына түскен қиыншылыққа қарамастан батыл қадамға барған арудың рухы мен ерік-жігеріне таңғалды. Он жеті жастағы Аружан Рашид әлеуметтік желіде биді өзінің хоббиі ретінде көретінін жазған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??????? ?????? (@aruzhanrashid)

Қойшы бала қойшы Айдос Кәденнің әлеуметтік желіде кешкі ас кезінде ән айтқан видеосы «TikTok»-та бір миллионнан астам қаралым жинады. Талантты баланың даусына тамсанған желі қолданушылары видеоның жылдам таралуына ықпал етті. «Қойшы бала» атанып кеткен жас әншінің есімі кейін белгілі болды. Айдос Кәден Алматы облысы, Кеген ауданы Бөлексаз ауылында туған. Кейінірек эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев қойшы баланың жайлауына барып ата-анасының алдынан өтіп, Айдосты өзімен бірге Алматыға алып кеткені белгілі болды. Электрик жігіт Олжас Американдық рэппер Akon-ның әнін нақышына келтіре орындаған вахташы Олжас Молдабековтің видеосы да көптің көңілінен шығып, желіде танымалдылыққа ие болды. Бір күннің ішінде жұлдызға айналған вахташыны ел «қазақтың Akon-і» деп атап кетті. Олжас Молдабековтің ән айтқан видеосын желіге өзінің әріптесі жариялаған екен. Онда жігіт  әлемдік эстрада жұлдыздарының танымал әндерін орындаған. Аталмыш видео «TikTok»-та 3,3 миллион қаралым жинаған. Ал әншінің өзі жұлдыз болып кеткенін «Instagram» желісін ақтарып отырғанда кездейсоқ білген. Өзгеге қамқор Құрмет Жаз басында Маңғыстаудағы малы қырылған елге шөп оруды бірінші болып қолға алған Құрмет Талапқазы да әлеуметтік желінің жұлдызы атанды. Оның қазақстандықтарды асарға шақырған видеосы «Whatsapp» мессенджері арқылы таралды. Кейіннен видео «Facebook» желісіне де жүктелді. 25 жастағы Құрмет Талапқазының бастамасымен қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға 500 вагон жем-шөп жөнелтілгенін айта кету керек. Жыл соңына қарай Құрметтің еңбегі еленіп, ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды. Сылақшы қыз Гүлмайдан Сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбайдың жұлдызы желіге жүктелген видеодан кейін жанды. Гүлмайдан пәтер жөндеумен айналыса жүріп, сүйікті ісі ән айтуды ермек еткен. Сондай күндердің бірінде құрбысы оны видеоға түсіріп, желіге салған. Қазақ және шетел әндерін нақышына келтіре орындаған Гүлмайдан Серікбай «Instagram» және «TikTok» желісінде хитке айналды. Қызылордалық ару елге белгілі продюсерлердің көзіне түсіп, байқауларға шақырту алды. Осы уақытқа дейін талант иесі бірнеше телебағдарламада қонақ болып, сұхбат берді.