Жерар Депардьенің басы тағы да дауға қалды

Жерар Депардьенің басы тағы да дауға қалды

Жерар Депардьенің басы тағы да дауға қалды
ашық дереккөзі
Канадалық актриса Шарлотта Арнольд атақты француз Жерар Депардьені өзін зорлады деп айыптады, деп жазды turkystan.kz Brytfmonline сайтына сілтеме жасап. «Twitter»-де жарияланған жазбаға сенсек, бұл жағдай үш жыл бұрын болған.
«Жерар Депардье мені 2018 жылдың тамызында зорлады. Оған айып тағылғалы дәл бір жыл өтті. Мен енді үндемей отыра алмаймын», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Депардьеге зорлау және жыныстық зорлық жасады деген айып тағылған. Бұл іс бойынша тергеу жүргізілді. Бірақ билік қылмыс құрамын таппаған соң іс 2019 жылдың маусымында тоқтатылған. Енді Шарлотта Арнольд апелляцияға шағым беріп отыр. Ал Жерар Депардье болса, бұл айыпты мойындаған жоқ.