Нұр-Сұлтанда «Балуан тас» атты екі томдықтың тұсаукесері өтеді

Нұр-Сұлтанда «Балуан тас» атты екі томдықтың тұсаукесері өтеді

Нұр-Сұлтанда «Балуан тас» атты екі томдықтың тұсаукесері өтеді
ашық дереккөзі
22 желтоқсан күні ҚР Ұлттық музейідің ғылыми кітапханасында мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың «Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)» атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері өтеді, деп жазды turkystan.kz. Кітапқа қазақ халқының балуандары мен күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналары, қисса-дастандары, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген. Басты мазмұнды аты аңызға айналған алапат күш иелері мен олардың балуандық жолындағы тосын хикаялары мен оқиғалары, шешендік сөздерінің шоғыры құрайды. Мұнда қазақ күресі мен жекпе-жек дәстүрі көшпенді қоғамның азаматтық құндылықтары тұрғысынан қарастырылған. Ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған кітаптың негізгі жаңалығы – ұлттық спорт пен дегдарлық мәдениет туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы аса зор. Шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, «Қазақстан барысы» Ержан Шынкеев және басқа да танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары, білім-ғылым, БАҚ және спорт саласы өкілдері қатысады деп күтілуде. Кітаптың түркістандық «Балауса» шаруа қожалығының басшылары Мамырайхан Қалназаров пен Мейірхан Қалназаровтың демеушілігімен жарық көріп отырғанын атап айтқан жөн.