Мұғалім оқушының дәптерін жыртып, бетінен шапалақпен ұрды (ВИДЕО)

Мұғалім оқушының дәптерін жыртып, бетінен шапалақпен ұрды (ВИДЕО)

Мұғалім оқушының дәптерін жыртып, бетінен шапалақпен ұрды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдегі жергілікті мектептердің бірінде мұғалім 6-сынып оқушысын шапалақпен ұрып, дәптерін жыртып тастады, деп жазды turkystan.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап. Оқиға Свердлов облысындағы Березовский қаласында орын алған. Баланың сыныптастарының айтуынша, ол мұғалімге дәптер тапсырмаған және сабақта телефонмен отырған. Мұғалім дәптерін алып кеткенде, оқушы оған «сен» деп дәптерін қайтаруды сұраған. Бұған жауап ретінде ұстаз дәптерді жыртып, оқушыны шапалақпен бетінен салып қалады. Бейнеролик Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Березовский. Новости золотого города» парақшасында жарияланды.