Шыңғыс ханға таза алтыннан еңселі ескерткіш қойылады
Шыңғыс ханға таза алтыннан еңселі ескерткіш қойылады
Келесі жылдың басында Моңғолияда Шыңғыс хан музейі ашылады. Оны салу туралы шешімді ел Үкіметі 2019 жылы қабылдаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бір жарым жыл ішінде 6 мыңнан астам ескерткіш пен артефактіні сақтауға болатын музей қызметкерінің айтуынша, бұл - тек Шыңғыс хан музейі ғана емес, сондай-ақ оның есімімен аталған ұлттық ғимарат.
Қазір музейдің жоғарғы жағына биіктігі 5 метр алтын жалатылған сұңқар қойылған. Ал ішіне биіктігі 3 метрге жуық болатын, таза алтыннан жасалған Шыңғыс хан мүсіні орналастырылмақ.
Ғимарат кеңістігі – Азияда 5-орында. Сарапшылардың айтуынша, Кореяға 6 миллиард төгрөгке (2,1 миллион доллар) тапсырыс берілген музейдің әйнек витриналары – әлемдегі ең заманауи технологияларды қолдана отырып жасалған музейлерге арналған автоматты вакуумдық технология.
Музейдің шығыс қабырғасында Биндер петроглифтеріне жазылған мыңнан астам таңба немесе ежелгі моңғол тайпаларының мөрлері, ал қасбеттің жоғарғы жағына моңғол хандарының мөрлері орналасқан.