Жаңалықтар

Қазақстандықтар 5 жылдан кейін қолдағы қаржысы туралы есеп беретін болды

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар 5 жылдан кейін қолдағы қаржысы туралы есеп беретін болды

Елімізде негізсіз баю туралы заң күшіне енеді. Енді ел тұрғындары шығыны табысынан асып түскен жағдайда ақшаның қайдан келгенін түсіндіруі керек, деп хабарлады Turkystan.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов «Хабар» арнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасында айтты. Құжатқа сәйкес, 5 жылдан кейін әр азамат қолдағы қаржысы туралы есеп береді. Ал шет елдер азаматтарымыздың ақшасы жөнінде ақпаратты ұсынады. Бұл жағдай қаржыны сыртқа жасырудың жолын кеседі.