«Ирина Қайратовна» Тәуелсіздікке арнап фильм түсірді (ВИДЕО)

«Ирина Қайратовна» Тәуелсіздікке арнап фильм түсірді (ВИДЕО)

«Ирина Қайратовна» Тәуелсіздікке арнап фильм түсірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ютубта танымалдыққа ие болған «Ирина Қайратовна» тобы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыздан асып барамын» атты фильм түсірді. Көрермендерге жолданған фильм бір күннің ішінде 1 миллион көрілім жинады, деп жазды turkystan.kz. Кинотуынды топтың «YouTube» желісіндегі арнасында жарияланды. Фильмнің басты кейіпкері Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде бейнеленген. Қазақстан азаттығын алған күні дүниеге келген Азат есімді бала тәуелсіз елімен бірге тәй-тәй қадам басып, ержетеді. Фильмде оның балалық шағынан орта жасқа дейінгі өмірі суреттеледі. Кинотуынды ешқашан мойымауға, қиын сәттерде берілмеуге шақырады. Фильм көрермендердің көңілінен шыққаны сөзсіз. Желі қолданушылары шығармашылық топқа алғыстарын жаудырды.
«Жарайсыңдар, жігіттер! Мен 95-жылғымын, сонда да көзіме жас келді. Бұрынғы кездер еске түсті, жастық шаққа барып қайттық десек те болады. Тәрбие, адал болу, опасыздық жасамау, ала жібін аттамау, жемқор болмау, патриотизм, бәрі көрсетілген. Соңында конституцияның ішінде бәрі қазақша жазылған бұл өте керемет әрі әдемі көрінеді! Қуаныш қолыңды қыстым және «ИҚ» бәріңізге рахмет. Тәрбие талбесіктен мәдениетімізді көрсету үшін өзімізден  бастайық», – делінген пікірлердің бірінде.
Фильм соңында «Отыздан асып барамын» атты ән орындалатынын атап өткен жөн.