Премьер-министрдің «Twitter»-інде биткоин ресми валюта деп жарияланды

Премьер-министрдің «Twitter»-інде биткоин ресми валюта деп жарияланды

Премьер-министрдің «Twitter»-інде биткоин ресми валюта деп жарияланды
ашық дереккөзі
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің кеңсесі шенеуніктің «Twitter»-дегі аккаунтына хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Хакерлер аз уақыттың ішінде 73,4 миллион жазылушысы бар аккаунтта биткоинді Үндістанның заңды төлем құралы ретінде танылғаны туралы твит жариялап үлгерген. Сондай-ақ, жазбада үкіметтің азаматтарға тарататын криптовалюта сатып алғаны жазылған. Премьер-министрдің баспасөз қызметі тұрғындарды бұл твитке назар аудармау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қараша айының соңында үкіметке қаржы министрі Нирмала Ситараманнан биткоинді Үндістандағы ресми валюта ретінде тану туралы ұсынысы түспегенін атап айтқан. Нарендра Модидің «Twitter» аккаунты 2020 жылдың қыркүйек айында да бұзылған болатын. Сол кезде аккаунтта коронавируспен күресу үшін құрылған қорға криптовалюта аудару қажеттігі туралы «Премьер-министрдің» жазбалары жарияланды.