Нұр-Сұлтанда инкассатор 4 млн теңгеге жуық ақшаны қолды қылған

Нұр-Сұлтанда инкассатор 4 млн теңгеге жуық ақшаны қолды қылған

Нұр-Сұлтанда инкассатор 4 млн теңгеге жуық ақшаны қолды қылған
ашық дереккөзі
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында «Есіл» аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 27 жастағы инкассаторшыны ұстады, деп хабарлады Turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Тергеу барысында оның инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны анықталды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен. Кешкі уақытта ол Magnum супермаркетіне келген. Терминалға жақындаған ол құрылғыны кілтпен ашып, 3 800 000 теңге ақшаны алған. Сосын байқатпай ақшаны сөмкеге салып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.