Жаңалықтар

«КСРО құрамында болған»: Ресей АҚШ-қа Қазақстанда әскери база құрғызбақ емес

ашық дереккөзі

«КСРО құрамында болған»: Ресей АҚШ-қа Қазақстанда әскери база құрғызбақ емес

Ресей АҚШ-тан Қазақстанда әскери базалар құрмауды және оны Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына (НАТО) кіргізбеуді талап етті, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл құжатты Ресей Сыртқы істер министрлігі ұсынған. «АҚШ бұрын КСРО құрамында болған және НАТО-ға кірмейтін мемлекеттердің аумағында әскери базалар құрмайды. Олардың инфрақұрылымын кез-келген әскери қызмет үшін пайдаланбайды және олармен екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытпайды» делінген шарт жобасында.