Украин мұғалімі қазақ тілінен сабақ беріп жүр
Украин мұғалімі қазақ тілінен сабақ беріп жүр
Қостанайда М.Горький атындағы мектеп гимназиясында ұлты украин Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен сабақ береді. Ол түпнұсқадан Мұқағали Мақатаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларын оқиды, әсіресе, Абай шығармаларына қатты құмар. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлады Turkystan.kz.
Дмитрий Қостанай облысының Ресеймен іргелес Федоров ауданының тумасы. Орыс тілді ортада өсіп, ержетті. Алты жыл бойы орыс мектептерде қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Оқушылары мұғалім берген тапсырмаларды мүдірмей орындап, оны ренжітпеуге тырысады.
"Маған қазақ тілі мектептегі ең қызық пән болды. Мен мұғалім болатынымды білетінмін. Бірақ қазақ тілі мұғалімі болатыныма ешқашан күмән болған емес. Бұл өте қиын жол болды әрі бұл - менің сүйікті ісім. Мен онымен айналыса беремін", - дейді ол.
Дмитрий Қостанайда үш жылдан бері жұмыс істейді. Оның сабақтарында оқушылар өздерін жайлы сезінеді.
"Ол - өте ақылды, жақсы, әділ адам. Сабақ кезінде әзілдер айтады. Өз пәніне байсалдылықпен әрі асқан жауапкершілікпен қарайды. Үй тапсырмасын орындамағандарды ұнатпайды", - деді оқушысы Әлібек Жақсылықов.
Дмитрий - гимназиядағы жалғыз ер адам.
"Гимназияның басқа мұғалімдері сияқты ол да 25 сағат алады. Бұл - қазір оған бере алатын ең көп сағат. Өз жұмысын жақсы істеп жатыр, орта сыныптарға сабақ береді", - деді мектеп-гимназия директорының орынбасары Орынкүл Баяхметова.
Ол қазақ тілін білу таңғаларлық нәрсе деп санамайды. Оның айтуынша, бұл - әрбір қазақстандықтың борышы.